Мектеп тарихы

Мектебіміздің тарихына көз жүгіртсек:

1968 жылы Бастауыш мектеп болып  1976 жылға дейін меңгерушісі Шаймарданов Төлеухан болды.
1976 жылы қазіргі мектеп ғимараты салынып, Қ.И.Сатпаев  атындағы орта мектебі болып құрылып,
1997 жылға дейін  Құдайбергенов Кансабек  басшылық жасады. 
1997-2003 жылдар аралығында Ғафуров Қабылбек,
2003-2017 жылдар аралығында Мукажанова Гульжузим директорлық қызмет атқарды. 1998-2011 жылдар аралығында орта мектеп болып,
2011 жылы қайтадан негізгі орта мектеп болды.
2017 жылдан Кудайбергенова Бакытгуль Кансабековна директорлық қызмет атқаруда. 2023 жылдың 13 қазанынан бастап  «Қ.Сәтпаев атындағы Шеңгелді мектеп-бөбекжай-балабақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталынды. Бүгінгі күнде мектепте 18 педагог кадр.  14 қамту қызметкері жұмыс істейді. 57  оқушы білім алып, «Балдәурен» шағын тобында 18  бала тәрбиеленуде.